«Шоқан Уалихановтың қазақ қоғамына сіңірген еңбегі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына мектебімізден екі жұмыс өтіп, Г.Т.Жұмабаева "Қазақтың тұңғыш жиһанкезі", Г.Б.Балапашева "Бастауыш сыныпта Шоқан мұрасын жаңаша көзқараспен оқыту жолдары" тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференция барысында ғалымның еңбектерін таныстырып қана қоймай, оларды қазіргі заманмен байланыстырып, бүгінгі жастардың ұлттық құндылықтарды жаңаша көзқараспен зерттеуіне мүмкіндік бар екені айтылды.
https://rudnymektep7.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/585-sho-an-ualikhanovty-aza-o-amyna-si-irgen-e-beg.html#sigFreeId7899c4b6fc









