2026 жылдың 23 сәуір күні Қостанай қаласында өткен
III Халықаралық KETA конференциясында
мектебіміздің ағылшын тілі мұғалімі Ақжарқын Маликқызы белсенді қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті!
Конференция тақырыбы:
"Voices of Experience and Vision of the Future in Advancing ELT"
Мұғаліміміз
"Developing Writing Skills through New Technologies" тақырыбында баяндама жасап,
заманауи цифрлық технологиялар арқылы оқушылардың жазу дағдыларын дамыту жолдарын ұсынды.
Жоба барысында:
* жасанды интеллект құралдары
* цифрлық платформалар (Google Docs, Bluedot, Canva)
* креативті жазу әдістері
қолданылып, оқушылардың қызығушылығы мен нәтижелілігі артатыны дәлелденді.
Конференция аясында мұғалімімізге
Certificate of Appreciation табысталды.
Біз ұстазымызбен мақтанамыз!
Жаңа идеялар мен тәжірибелер мектебіміздің дамуына үлкен үлес қосатынына сенімдіміз!
https://rudnymektep7.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/573-2026-zhyldy-23-s-uir-k-ni-ostanaj-alasynda-tken.html#sigFreeId325cdb3077









