26–27 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» оқу-әдістемелік орталығы мен Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектебінің ұйымдастыруымен «Тілді оқыту үдерісіндегі кең ауқымды дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинар, сондай-ақ «Олимп шыңы» пәндік олимпиадасы өткізілді. Семинарға республика өңірлерінен 150-ден астам ұстаз қатысты. Іс-шара барысында тілдерді оқытудағы заманауи әдіс-тәсілдер мен оқушылардың кең ауқымды дағдыларын дамыту жолдары талқыланды. Атап айтқанда, оқыту үдерісінде Support (қолдау) және Challenge (дамыту) тепе-теңдігін сақтау қажеттілігіне баса назар аударылды. Сонымен қатар, ЖИ платформадарды қолдану тәжірибесі көрсетілді. Telegram желісіндегі бот, Claude мен NotebookLM платформалары таныстырылды. Тәжірибе алаңдары шеберлікті шыңдаудың айқын үлгілерін таныта білді " Олим шыңы" пән олимпиадасының нәтижесінде мектебіміздің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғвлімі Г.Т. Жумабаева жүлделі 3 - орын, ағылшын тілі пән мұғалімі А. М. Маратова дипломмен марапатталды. Педагогикалық семинарлар – тәжірибе мен жаңа идеялар тоғысатын маңызды алаң.
https://rudnymektep7.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/572-tildi-o-ytu-derisindegi-ke-au-ymdy-da-dylardy-alyptastyrudy-tiimdi-zholdary.html#sigFreeId2f0c2cd8ac









