Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!
20-21 сәуір аралығында бастауыш сыныптар бойынша «Білімге бастар - жарқын жол» атты бастауыш апталығы ұйымдастырылып өткізілді.
20 сәуір күні  МАДС, 1-сынып мұғалімдері мен дене шынықтыру  пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ата-ана, бала, ұстаз  үштігі» отбасылық спорттық сайыс болып өтті. Сайыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ата-аналар  да,  оқушылар  да  белсенділік танытты. Спорттық сайыс нәтижесінде 1"Б" сынып Жунускановтар жүлделі 1-орын,  1"В" сынып Төрехан отбасы  жүлделі 2-орын, 1"Ә" сынып Алтыбаевтар отбасы  жүлделі 3-орын алды. МАДС "Ә" Смаиловтар отбасы, 1 "А"  сынып Тұран отбасы, 1"Г" сынып Тайырбековтер отбасы ерекше белсенділік танытты. Барлық қатысушыларға мадақтама мен бағалы сыйлықтар берілді.
3-сынып мұғалімдері «Алғыр алтау» пәнаралық танымдық ойын өткізді. Оқушылар өз білімдерін, жылдамдықтары мен тапқырлықтарын көрсетті.
21 сәуір күні 2-сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Smart Kids» танымдық ойыны өтті. Ойын барысында оқушылар логикалық тапсырмалар орындап, белсенді қатысты.
4-сынып мұғалімдері өткізген «Жүйрік ой – ұшқыр қиял» квест ойынында оқушылар шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін көрсетті.
Сонымен қатар, мектеп ұжымына «Сөз және сан»  интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.
Апталықта жоспарланған іс-шаралар өз деңгейінде жақсы ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстар  оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталды.