Бүгінгі күні екі апта бойы ұйымдастырылған "Білімге бастар жол- кітап" сайысы өз мәресіне жетті. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бірлестігінің ұйымдастырумен өткізілген сайыстың басты мақсаты: оқушыларымыздың кітап оқу дағдыларын арттыру. Ұстаздардың басты мақсаты шәкірттеріне жол сілтеу, рухани байлықтарын кеңейту. Сыныптардың ішінде көркем шығарманың мазмұнын өте жақсы оқып, белсенділік танытқан оқушылар да көзге түсті, Атап айтсақ, 5 - сыныптар бойынша Рахманов Рамазан, Алтынбек Інжу, 6 - сынып оқушылары Жалелова Ақмарал, Тажибаева Нурсила, Ким Думан, 7-сынып Тойшибаева Балнұр, Барлыбаева Аягөз, 8 "В" Маженов Нұржан, 9 "В" сынып оқушылары Джубат Ақниет, Саткарова Нұрсипат, Журкабаева Айлана, 10 "А" сынып Омартуреева Пакизат, Абсаткарова Айкен, 11 - сынып оқушылары Берікболова Айдана, Шарафадин Даяна, Сапарбекова Мерей оқушыларымыздың еңбегін ерекше айтып өткенді жөн көрдік. «Көп оқыған оқушы – көп біледі, көп білген – биікке жетеді.» деген сөздің мағынасына терең үңіліп, кітап оқудан жалықпайық, шәкірттер!









