Біздің ресми сайтымызға қош келдіңіздер!

Мектебімізде №4 Педагогикалық кеңес өтті.Тақырыбы: Оқушы қабілетін зерттеу, жобалау және шығармашылық арқылы дамыту.Талқыланған мәселелер:3-тоқсанның үлгерім мониторингі.ЮНЕСКО клубының дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі.11-сыныптардың ҰБТ-ға дайындық барысы.Жетістіктер:
Биылғы оқу жылында пәндік олимпиадалар мен «Зерде», «Алтын сақа», «Әбіш оқулары» сияқты ғылыми жобаларда оқушыларымыз мектепішілік деңгейден республикалық кезеңге дейін жүлделі орындар иеленді. Шешім: Білім сапасын арттыру және дарынды оқушыларды қолдау жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.#МектепТынысы #ПедКеңес #БілімСапасы #ҰБТ2026