Білім мен тәжірибе тоғысқан семинар
11 наурыз күні мектебімізде биология - химия пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар: түрлері, деңгейлері, құрастыру тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.
Облыстық семинарға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері З.Н. Садвакасова және қалалық білім бөлімі әдістемелік кабинеттер меңгерушісі О.П. Нуштаева қатысты. Семинарға қала мектептері «Рудный қаласы білім бөлімінің М. Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» биология - химия пәндерінің мүғалімдері С.Е. Омиржанова, Б.А. Нуршатова, «Рудный қаласы білім бөлімінің № 2 гимназиясы» КММ С.А. Подольская және «Рудный қаласы білім бөлімінің № 21 гимназиясы» КММ география және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері Н.Д. Вагизова, Ю.О. Руденко функционалдық сауаттылық тапсырмаларын құрастыру, күрделі олимпиадалық тапсырмаларды шешу жолдары, ЖИ қолдану тақырыптарында шебер – сыныптар көрсетті.
«Педагогикалық ізденіс зертханасы» негізінде мектебіміздің тәжірибелі биология пән мұғалімі Г.Т. Дальдембаева, «Рудный қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ А.Б. Найманбаева ашық сабақтар өткізіп, функционалдық сауаттылықты сабақта енгізу бойынша іс – тәжірибесімен бөлісті.
Семинар кәсіби тәжірибе алмасуға, білім берудегі жаңа бағыттарды түсінуге және функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тиімді алаң болды.










