Жаңалықтар
«Еліміздің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» мерекесіне орай 0-5 сыныптар арасында «Өз қолыңмен робот жаса» байқауы өткізілді. Байқаудың басты мақсаты: оқушылардың шығармашылығын арттыру, конструкторлармен жұмыс істеу, кез келген материалдан робот жасау. Байқауға 40 жуық оқушы қатысты. Роботтар 5 номинация бойынша бағаланды: «Механикалық роботтар», «Стильді роботтар», «Креативті роботтар», «Үлкен роботтар», «Қалдық роботтар». Ең үздік деп танылған роботтар мерекелік іс-шарада марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Рудный қаласының «Білім беру ұйымдары қызметі рейтингінің 2018 жылғы қорытындысы бойынша үздік көрсеткіші» қалалық конкурсының рейтингісі бойынша инновациялық білім беру ұйымдары арасында І жүлделі орынға «№7 мектеп-гимназиясы» ие болды. Мектебімізге мақтау қағазымен қоса, жүлделі сыйлықпен марапатталды.
Түркия елінің Анталия қаласында өткізілген Халықаралық Х пәндік олимпиада бойынша біздің оқушылар қатысып жоғарғы деңгейді көрсетті!
Алматы қаласында "Ғылым және өмір" атты Халықаралық оқушылардың ғылыми-теориялық конференциясына мектебіміздің оқушылары қатысып 100% көрсеткіш көрсетті.
30.10.18 күні "Үздік мұғалім" қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері арасында облыстық олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша І орынға ие болған мектебіміздің мұғалімі Ибраева Нұргүл Қуантайқызын ие болды. Облыстық кезеңде де осындай нәтиже көрсетуіңізге тілектеспіз! Құттықтаймыз!















